Popular
-
АСТАНАДАҒЫ ТҰСАУКЕСЕР ЕРЕКШЕ ЕСТЕ ҚАЛДЫ«Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруын 2023 жылғы 2 ақпан күні өткен «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағының тұсаукесер рәсімі осы аптаның шоқтығы биік шараларының бірі де бірегейі болды.
-
ҰЛТ БАСПАСӨЗІНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫАқпанның 2-сі – отандық кәсіби баспасөздің ізашар мінбері «Қазақ» газетінің туған күні. Алаш зиялылары Орынбордан Петерборға дейін патшалық жүйенің табалдырығын тоздыра жүріп рұқсат алған газеттің шығуы осы күнге сәйкес келіпті. Халқымыз Жаратқаннан «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке!» деп сұраса, ақпанның жұлдызы айқын түніндегі ұлт ақпаратының бастауы – сын-қатерге төтеп берудің бағдары болса керек.
-
ШЕТТІЛДІК ТЕРМИНДЕРДІ ИГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӨМІРШЕҢ ИДЕЯСЫА.Байтұрсынұлы қазақ терминологиясының принциптері туралы баяндамасында: «Шындығында, мәдениет әлсіз жерде жерге егін аз шығатынын, машиналар жұмысты нашар істейтінін, өнеркәсібі мен саудасы аз дамитынын, аурумен, өлім-жітіммен күресу табыссыз болатынын, табиғат аз бағынатыны я тіптен бағынбайтынын, табиғаттың дүлей күштері адамдар үшін апат пен қайыршылық әкелетінін кім теріске шығара алады!? Біздің заманымызда мәдениет – өмірдің ең қатты қажеті» деп [1], мәдениетке ғылым, білім ұғымдарын сыйғыза отырып, жоғары мәдениетті, яғни оның ішінде білім мен ғылымды қабылдау үшін ұғымдар мен идеяларды да қабылдау қажеттігіне назар аударады да, одан ары тіл терминологиясын жасап шығару міндетіне тоқталады. Сонымен бірге лингвист ғалым баса назар аударған «...бір ұғым әр түрлі құрылымда әр түрлі сөзді жамылып шықпас» үшін принциптерді қатаң ұстану керектігі әлі күнге өзекті қалпында қалып тұр.
-
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ2023 жылғы 31 қаңтарда Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ғылыми Кеңесінің мәжілісі өтті. Жылдың алғашқы отырысын ашқан Бас директор Е.Тілешов ұжым алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды. Бір айта кетерлігі, Кеңес құрамы жаңа мүшелермен толықты. Ағымдағы жылға арналған Кеңестің жұмыс жоспары бекітілді. Оған сүйенсек, тіл майданында толас болмайды.
-
ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТЕДІ2023 жылғы 2 ақпан күні, «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді.
-
БӨТЕН СӨЗБЕН БЫЛҒАНСА СӨЗ АРАСЫ...Тіл сарапшылардың бірі Ғ.Мүсіреповтің «сөз – сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады» деген пікірін келтіреді. Біздіңше, осы күні «сөзге көлеңкесін түсіріп тұрған сөз» көбейді. Мұны тіл білімі ғылымында «Паразит сөздер» деп атайды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлеріне «Паразит сөздер мен олардың тілді құрту мен байытудағы рөлі қандай?» деген сауал жолдаған едік. Жауабы мынадай болды...
-
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ КЕДЕРГІ ЕМЕСТілді қай жаста, қашаннан бастап үйренген дұрыс? Бұған біржақты жауап беру қиын. Тіл үйренудің қатып қалған ережесі жоқ, тіпті жас кезінде үйрене алмағандар егде жаста да қолға алуына болады. Ең қызығы, егде жастағылар тіл үйрене отырып, денсаулығын түзеп жатқанын аңғармайтын да болар?
-
«Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасының жинағыҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында қазақ тілінің қолданылу барысына мониторинг жүргізді.
-
АХАҢ — МЫҢЖЫЛДЫҚТАРДЫҢ АДАМЫАлаштың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын Қазақ Елі барынша ұлықтап, тарихқа таспалады. Осындай айтулы жылдың естен кетпес оқиғасынан бір ғасырлық тарихы бар қазақ радиосы да қалыс қалмады. Әуе толқынынан «Ұлт ұстазы» атты хабар ашып, дара тұлғаны жан-жақты насихаттауды борыш санады. Оның басты себебі, 1921 жылы Орынбор қаласынан қазақ даласына радионың үнін алғаш рет естіртіп, хабарды таратқан да Ахмет Байтұрсынұлы болатын. «Ұлт ұстазы» хабарының қорытындысына Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынған, жыл бойы ізгілікті істердің орындалуына мұрындық болған руханият жанашыры, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлын шақырған болатынбыз. Сұхбат 2022 жылдың соңында «Қазақ радиосында» берілді. Жыл бойы эфирден жүрген хабардың сіргежиярын газетке арнайы ұсынып отырмыз.
-
Араб, латын және кирилл қаріптеріне қалай өттік? Қазақ әліпбиінің тарихыҚазақ тілі латын әліпбиіне көше ме, жоқ па? Біраз уақыт бұрын ғана бұл мәселе БАҚ беттерінде көтеріліп, қоғамда қызу талқыға түсіп, табан асты көтеріліп, сол бойда ұмытылып отырды. Шаяхметов атындағы республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы (2018 жылы «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» болып қайта құрылды. -ред) бірнеше нұсқа ұсынғаннан кейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесінің қиындықтары басқа арнаға ауысып, қазақ тілінің орфографиясына тұйықталды. Ал қоғамды алаңдатқан басты мәселе қазақ тіліне ғана тән тоғыз (жаңа әліпби бойынша сегіз) әріптің "тағдыры" еді.
-
АЛАШ БАЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОҚУЛЫҚТАРЫ - ІІІ1912 жыл қазақ зиялыларының көптеп оқулық жазған жылы саналады. Бұл жылы Ахаң ғана емес, алаштың өзге де балалары оқулық жазудан өздерін ағарту аламанының сынағына салып көрді. Ұлт ұстазы 1912 жылы өзі қазақ және өзге де мұсылман түріктерге ортақ, араб графикасы негізіндегі ескі жазуды (Шағатай жазуы немесе қадімше) реформалап жасап шыққан «Төте жазуын» жариялады.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІҚазақ тілінің тарихы жайлы не білеміз? Қазақ тілін дамыту үшін қандай іс атқарылып жатыр? Қазақ тіліне қоғамда сұраныс артты ма? Осы сауал төңірегінде «Atameken Business» ұлттық кәсіпкерлер палатасының youtube каналында «Қазақ тілі» атты деректі фильм жарияланды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалған деректі фильмде тіліміздің тасқа басылған тарихынан сыр шертіп, бүгінгі даму бағыты бойынша мамандардың пікірі берілген.
-
АЛАШ БАЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОҚУЛЫҚТАРЫ - IIАхаңнан бұрын, Алтынсариннен кейін қазаққа оқулық жазғандар бар. Өткен жазбамызда біз тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин жазған «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылдан 1906 жылға дейін қолданыста болғанын, бұл тұңғыш оқулықтың бірнеше рет кирилл және қадім жазуымен (бұл кезде төте жазу барлыққа келмеген. – Ә.А.) басылып, сол арқылы балалар сауатын ашқанын айтып едік. Бүгін біз оқырманға қазақ оқулықтарының қарлығаштарының бірімен таныстарымыз.
-
Алаш баласының алғашқы оқулықтары - IБүгіннен бастап Алаш мұралары туралы ізденіс үстіндегі жас маман, еліміздегі Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан қазақтың өткен ғасырлардағы көптеген мұраларын жарыққа шығарып, оқрыман қауымен бөлісіп жүрген, ақын, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Әділет Ахметұлы желілес жазып отырған, Алаш баласының ғасыр бұрынғы оқулықтарын таныстырып отырамыз! - Редакция
-
ЕЛІМІЗДЕ АНА ТІЛДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМА ШЫҒАДЫОған сәйкес, тағы да ауқымды семинарлар өтеді, жиындар ұйымдастырылады, тіпті дарындыларды түкпір-түкпірден жинайтын байқаулар өткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Егемендік алғалы мемлекеттік тілдің көсегесін көгерту үшін ұйымдастырылып жатқан шаралар осылай тізіліп кете береді. Қыруар қаржы бөлінеді. Жауапты шенеуніктер есеп береді, үкімет оларды арқадан қағып, бас шұлғиды. Биыл да атқамінерлер жылдағы дәстүрден жаңылмады.