Popular
-
АХАҢНЫҢ ƏДЕБИ ҚИСЫНДАРЫАхмет Байтұрсынұлы 1926 жылы өзінің əйгілі «Əдебиет танытқышын» кітап қып бастырып шығарды. Бұл – біздің жыл санауымыздан үш жүз жиырма алты жыл бұрын Эллада елінде жарық көрген Аристотельдің атақты «Поэтикасы» тəрізді. Сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ топырағындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді. Егер Лессинг өзінің «Гамбург драматургиясында» Аристотель «Поэтикасын» мінсіздік тұрғысынан «Евклид элементтерімен» қатар қойған болса, біз бүгін Ахаңның «Əдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мəнісі – екеуі де: бірі – грек əдебиетінің, екіншісі – қазақ əдебиетінің алғашқы «əліпбилері».
-
МАДРИДТЕ МАРҚАЙМАҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ2022 жылғы 1 тамызда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов Мадридтегі қазақ диаспорасының басын құрайтын үкіметтік емес ұйым басшысы, тіл оқытушы Жанат Нұрбаеваны қабылдады. Жанат Аманкелдіқызы – негізі Атырау облысының тумасы. Он жылдан астам Мәскеуде жоғары білім алып қызмет жасағаннан кейін, жанұялық жағдайымен Испанияға қоныс аударыпты. Содан бері 23 жыл бойы Мадрид қаласында тұрып жатыр. Негізгі мамандығы текстиль инженері, алайда шетелде жүріп сұранысқа ие болған соң, орыс, испан тілін оқытуды кәсіп еткен, қазіргі таңда өз бетімен қазақ тілін ақысыз оқытуды қолға алыпты.
-
АЛА-ҚҰЛА АУДАРМАДАН ҚАШАН АРЫЛАМЫЗ?«Конституциямызды сауатты редакторлар мен корректорлар түзеу керек» деп жазып жүргенімізге де біраз уақыт болды. Конституция кітабын оқып отырғанда, еріксіз көз сүрінетін қателерді қызыл қаламмен түзеп шықсақ, оқушының диктант дәптерін тексерген мұғалімдей көрінерміз. Бірақ біз үшін Ата Заңымыз қастерлі құндылық болғандықтан, ресми сайттағы электронды нұсқасын ғана пайдаланып, кейбір тұстарына түзетулер жобасын ұсынып келеміз. Сонымен, Ата Заң мәтініндегі өзіміз қате деп есептеген сөздер мен сөз тіркестерін немесе қосымшаларды жақшамен (), баптар мен тармақтарға сілтемелерді тік жақшамен [], ал өзіміз ұсынатын балама нұсқаларды пішінді жақшамен {} ерекшелеп таңбаладық. * * * Ендеше, ең алдымен, ең көп кездесетін сөзден бастайық. Орыс тіліндегі «является» сөзін «болып табылады» деп аудара салған паразит тіркес 20 рет қолданылған.
-
ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ2022 жылғы 27 шілде күні ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған ұлт ұстазы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Бұған облыстық кезеңнен жүзден жүйрік атанған 12 үміткер қатысты. Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық ғылымның негізін қалаған, елдік тарихындағы ұлы санаткер тұлға. Оның өміршең ғылыми-әдістемелік ұстанымдары әлі күнге дейін өзектілігін сақтап келеді.
-
АХМЕТТІҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫАхмет Байтұрсынұлының музыкалық мұрасы жөніндегі екіұдай пікірлер көптен бері айтылып келеді. Мәселен, кейбір өңірлерде ұлт ұстазының шығармасы деп орындалып жүрген «Аққұм», «Екі жирен», «Қарғаш», «Қаракөзайым» әндері бар. Бірақ кәсіби музыка мамандары мұны мойындай қоймайды. Олар Ахаңдікі деп айтылатын әндердің бәріне халық шығармалары деп қарайды. Бұған қарсы уәж айтушылардың бірі – қостанайлық жыршы Нағашыбай Алпысов. Талай жылдардан бері Ахаңның саз мұрасын насихаттап жүрген ардагер өнерпаз Ахметтің ән-күй мұрасы жөнінде айтылған жазбаларды іздестіріп жүріп оқып, жинастырып, сақтап қойыпты.
-
ТЕСТІЛЕУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІТестілеу қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде тілді бағалаудың ең ұтымды жүйесіне айналған. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауда да осы жүйе қолданылады. Халықаралық тілдерді білу деңгейін бағалауға арналған үздік жобаларды сараптай келе, бір жүйеге түсіріп әзірлеген «Қазтест» жобасы тестіленушінің мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалауда әзірге баламасы жоқ жоба болып отыр. Аталмыш жүйе бойынша 2022 жылға дейін қазақ тілін меңгеруді анықтау 4 бөлік арқылы жүргізіліп, биылғы жылы бесінші бөлік ретінде Айтылым қосылды. Оның үстіне алдыңғы бөліктердің тапсырмалары қайта қаралып, әсіресе, Оқылым, Тыңдалым бөліктеріне көптеген өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, мәтіннің көлемі, мәтіннің тақырыптық ауқымы, мәтін тапсырмалары т.б.
-
ЖАС МАМАНҒА КЕҢЕС БЕРДІ2022 жылғы 22 шілде күні Тіл саясаты комитетінің Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнагүл Көкенова, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Искакова мен ғылыми қызметкер Марияш Дәрменова Жұлдыз есімді жас бағдарламашыға ЗООМ арқылы кеңес берді. Жұлдыз Исабекова Тараз қаласындағы колледждің түлегі.
-
БІРДІҢ БІРЕГЕЙІТіршілігіміздің негізін қалап, өмір сүруіміздің заңдылықтарын қалыптастырған ежелгі ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына өз тәжірибелерінен түйіндеп: «Барын бағалай білгенге бақ қонады, құндылығын құнтай білгенге құт қонады» деген өсиет сөз қалдырыпты. Осы сөздің тамырын басып, айтпағын бүгінгі күннің тұрғысынан зерде сүзгісінен өткізіп, ой таразысына тартсақ, адамның басына бақ қонып, бақытты өмір кешуінің де, тірлік қарекетіне құт дарып, ырыздық несібесінің молайуының да тетігі – әркімнің өз ғұмырында пенделік ашкөздік бәсекенің құлы болмай, қанағат құшағында барыңның байыбына жетіп, бағасын білуінде, құндылығыңның құтын қашырмай, қадір-қасиетін сақтай алуында жатқанын аңғару онша қиындық тудырмайды. Алайда солай болғанымен, осы бір қарапайым қағиданы орындауға келгенде әлі күнге дейін ата-баба өсиетіне адалдық танытып, барымыздың бағын ашып, әрқайсысына өздеріне лайық әділ баға бере алмай жүргеніміз де шындық. Өткеннің жақсысынан үлгі-өнеге алып, оны уақыт талабына сай жетілдіріп, дамыта алмай жүргеніміз де содан болса керек.
-
ӨЛГЕН ТІЛДүниежүзінде жойылып кеткен тіл көп. Оның кейбірі осы сала мамандарының назарына түспеуі де мүмкін. Интернет беттерінде дерегі бар жойылған тілдер туралы мәліметті оқырман назарына ұсынамыз: 1676 жылы тек корн тілінде сөйлейтін соңғы адам Честен Марчант қайтыс болды. 1756 жылы полаб тілінде сөйлейтін соңғы адам Эмерентц Шульце қайтыс болды. 1760 жылы шотланд тілінің гаэлвег диалектісінде сөйлейтін соңғы адам Маргарет МакМюррей қайтыс болды. 1777 жылы корн тілінде жетік сөйлейтін соңғы адам Долли Пентреат қайтыс болды. 1829 жылы беотук тілінде сөйлейтін соңғы адам Шанадитит (шамамен 28) қайтыс болды. 1839 жылы, Матиас Кастреннің мәліметі бойынша, матор тілінде сөйлейтін соңғы адам қайтыс болды. 1850 жылы норн тілінде сөйлейтін соңғы адам Уолтер Сазерленд қайтыс болды. 1853 жылы үндіс тайпасының николеньо тілінде сөйлейтін соңғы адам Хуана-Мария қайтыс болды. 1871 жылы тутело тілінде сөйлейтін соңғы адам Никона(en) қайтыс болды.
-
ТАНЫСТЫРУ ТЫҢ ҚАРҚЫНҒА ИЕ БОЛУДА2022 жылдың 19 шілдесі күні Тіл саясаты Комитеті тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері арасында қазақ тіліндегі IT жобалардың кезекті таныстырылымын өткізді. Орталықтың Әдістеме басқармасы ғылыми қызметкері Айгүл Орманова қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жаңа ақпараттық технологиялар туралы жан-жақты баяндап берді.
-
АМАНАТ АРҚАЛАҒАН ЕҢБЕК НЕМЕСЕ АХМЕТТАНУҒА ҚОСЫЛҒАН СОНЫ ҮЛЕСМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы 5 қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында: «Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді» деген болатын. Бүгінгі тәуелсіздігіміз жолында қуғын-сүргін көрген мемлекет қайраткерінің бірі – Ахмет Байтұрсынұлы.
-
ЛУЧШИЕ В ЭТОМ ГОДУ ОПРЕДЕЛЯТСЯ В ТАРАЗЕ27 июля 2022 года по заказу Комитета языковой политики Министерства образования и науки Республики Казахстан Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова проводит республиканский конкурс имени народного просветителя Ахмета Байтурсынулы в городе Тараз.
-
ТЫҢ ДЕРЕКТЕР ІЗДЕУ ҮСТІНДЕШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мен Алаш қозғалысына қатысқан қоғам қайраткерлерінің шетелдердегі архивтерден табылған еңбектері негізінде жинақ әзірлеу бойынша қабырғалы жұмыстарды атқару үстінде. Қазақстандық ғалым мамандардың алғашқы тобы өткенге тағзым, келер ұрпақ үшін ұлағаты мол мұндай киелі іске білек сыбанып кірісіп кетті.
-
ЗЕЙНЕТКЕ ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ2022 жылғы 15 шілде күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұжымы есімі елге танымал белгілі журналист, Орталықтың редакциялық баспа басқармасының бас редакторы, қоғам белсендісі Қойшыбай Есентаевты құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Орталықтың Бас директоры Е.Тілешов Қойшыбай Құтжанұлының ұжымдағы ұзақ жылғы жемісті еңбегіне алғыс білдіріп, иығына шапан жапты.
-
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТАҒЫ БІР МАҚАЛАСЫ ТАБЫЛДЫБАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ БІР МАҚАЛАСЫ ӨЗІНІҢ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ІШІНЕН ТАБЫЛДЫ Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (балаларға) (1912-1925 жылдары көп рет басылған), «Оқу құралы» (үлкендерге) (1921 жылы 2 рет басылған), «Сауат ашқыш» (сауатсыз үлкендерге 1-кітап) (1926 жылы), «Әліпби. Жаңа құрал» (1926-1928 үш рет басылған), «Тіл-құрал» (1914-1927 жылдары үш бөлімнен тұратын, ілгерінді-кейінді 34 рет басылған), «Тіл жұмсар» (І, ІІ), «Баяншы» (1920-1921, оқытушылар қолданбасы) және «Әдебиет танытқыш» (1926) атты кесек теориялық еңбегін ішіне алған оқулықтары басылым көргені белгілі. Ғалым аталған оқулықтарына енген әдеби үлгілерге (шығармалардың) мүмкіндігінше авторын немесе дереккөзін көрсетіп отырған. Аталған оқулықтарда берілген дереккөздерге сүйене отырып өткен ғасырдағы немесе онан да ерте кезеңге тәуелді тұлғаларды немесе әдеби мұраларды зерттеуге жол ашылады.
-
ТӨҢКЕРІС ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАРҚазақтар үшін ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, қазан (әлеуметтік төңкеріс) оларға соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші төңкерісті олар қалай аса қуанышпен қарсы алса, екінші төңкерісті солай аса үреймен қарсы алуға тура келді. Қазақ халқын білетіндер үшін бұл төңкерістерге олардың осылайша қарауы табиғи әрі түсінікті. Қазақтардың бірінші төңкерісті дұрыс түсінуі және оны қуанышпен қарсы алуы, біріншіден, ол патша үкіметінің езгісі мен зорлығынан құтқарса, екіншіден, олардың өзін-өзі басқаруға деген түпкі армандарына деген үмітін нығайтты. Қазақтар үшін екінші төңкерістің түсініксіз болуы оңай түсіндіріледі, себебі қазақтарда капитализм, таптық дифференциация болған жоқ; тіпті басқа халықтардай меншіктің өзі де бөлінбеген, көптеген тұтыну заттары бұқараның ортақ игілігі болып саналды. Қазан төңкерісінің сыртқы көріністері қазақтарды да қатты үрейлендірді. Қазақтар үшін Ресейдің орталық бөліктерінде большевиктік қозғалыстың қалай өтіп жатқаны беймәлім болатын.