Popular
-
Түркия қазақ тілін оқыту әдістемесін дамытуға көмектеседіБиыл 12-15 маусым аралығында Түркияның астанасы Анкарада бірнеше ұйымның кездесуі өтті. Онда келіссөз жүргізіліп, рухани-мәдени, әдістемелік байланыс орнату туралы меморандум жасалды. Солардың ішінде тілді оқыту әдістемесіне қатысты да бірқатар құжатқа қол қойылды. Кездесу барысындағы маңызды мәселелерді кеңінен түсіндіру үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орнынбасары Абзалбек Ғабитпен сұхбаттастық.
-
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ АНА ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ, ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ЕРЕЖЕСІЕреже Қазақстан Республикасының Конституциясына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» және тағы да басқа нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес, мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен олардың баспа және электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырудың талаптарын белгілейді.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАБИҒИ ТҮРДЕ ДАМЫП КЕЛЕДІЕлім дегеннің бәрі тәуелсіздік алғалы бері «Қазақтың жаны үшін күрес жүріп жатыр!» деп дабыл қағып келеді. Ал қазақтың жаны – қазақ тілі. Бүгінгі таңда «Қазақ тілі орыс тілінің көлеңкесінде қалмай ма?» деген түйткілді сұрақ ескірді. Демографиялық өсімнің арқасында бұл дерттен айықтық. Бұған 2021 жылғы ұлттық санақтың қорытындысы дәлел: Мемлекеттік тілді білмейтін азаматтардың үлес салмағы жиырма пайызға жетпейді. Бірақ технологиялардың, әсіресе медиакеңістіктің ұлғаюы, ғаламтор қолданысының кеңеюі нәтижесінде алдымыздан жаңа бір сұрақтар менмұндалап шығып отыр.
-
ТАРАЗДА ТАҒЫЛЫМДЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІЖамбыл облыстық Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру, сонымен қатар, БАҚ-тарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тіл мәдениеті, тіл тазалығын сақтау, қазақ тіліндегі ақпараттардың сапасын арттыру мақсатында «БАҚ және тіл мәдениеті: тілдік нормалар» атты республикалық семинар ұйымдастырды.
-
ҰЛАНҒАЙЫР ДАЛАНЫҢ РУХАНИ САҚИЫӘбіш Кекілбаевтың 1997 жылы кемеңгер жазушы М.Әуезовтің 100 жылдығына арнап жасаған баяндамасында оны «ұлы даланың рухани сақиына» теңеген еді. Ал сол сақилығына тамам ел тәнті болған, адамзат мойындаған классиктердің қатарында есімі аталатын ұлы Мұхтар Әуезов: «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына дейін түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын», – деп жазған еді ертеректе. Ендеше, оны шығарушылардың өзі ұлттың ұлы ұстазы, қазақтың зиялылары, алаш көсемдері аталып отырған тұлғалар болған, сол тұстағы, кейінгі жылдарда жарық көрген газеттің бәріне көшбасшы болған «Қазақ» газетіне де сақилықты теңей айтсақ, артық етпес.
-
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ: ТАЛҚЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫС2023 жылғы 26 маусым күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тілешов заңнама тілінің ғылыми-әдіснамасы және біріздендіру жүйесі бойынша заңгер мамандардың және тілтанушы ғалымдардың басын қосып, өзекті мәселені талқылаудың қажеттілігін атап өтті.
-
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫНДАҒЫ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІАннотация. Мақалада еліміздің цифрлық индустриясын құру аясында лингвистикалық білім беру кластерінің даму мүмкіндіктері және классикалық филологияның цифрлық трансформациялану жолдары талдауға алынған. Лингвист-мамандарды цифрлық қоғамға кәсіби дайындаудың жаңа үлгілері көрсетіліп, нақты ұсыныстар берілген. Кілт сөздер – цифрлық Қазақстан, цифрлық қоғам, трансформациялану, цифрлық лингвистика, лингвистикалық білім беру.
-
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МАМАНДЫҒЫНЫҢ РӨЛІТұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер» (Бұл жоба «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны» атты төрт қосымша бағдарламадан тұрады), «Мемлекеттік тілді латынға көшіру», «Қазақстанның киелі жерлері», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» сияқты жобалардың қай-қайсының болсын жүзеге асуында мемлекеттік тілді оқытушы мамандардың алар орны зор. Сондай-ақ «Ұлттық рухани жаңғыру ұлттық жобасының» да 1-бағыты «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамытуды» көздейді. Елбасының бұл бастамасы мемлекеттік тілді дамыту ісін де серпілтті.
-
АНКАРАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАНЫ АРАЛАДЫАрнаулы делегация Түркияның Анкара қаласындағы Ұлттық кітапханаға барып, осы білім ордасы ұжымымен қазіргі ақпараттық технологияларға сүйенген қоғам өміріндегі жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың рөлі туралы пікір алмасты. Осыдан үш жылға жетер-жетпес уақыт бұрын ашылған бұл кітапхананың басты ерекшелігі Анкарадағы Президент кешенінің ішіне орналасқан.
-
«ТІЛ-ҚАЗЫНА» ҚАЖЫ БАЙРАМ ВЕЛИ УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРІГІП ӘДІСТЕМЕ ЖАСАУДЫ ҰСЫНДЫТүркиядағы Қажы Байрам Вели университетіндегі кездесу барысында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілін түрік азаматтарына оқыту әдістемесін бірігіп дайындауды ұсынды. Сондай-ақ, осы жоғары оқу орнының әдебиет факультеті заманауи түркі диалектілері кафедрасы ұстаздарымен және қазақ тілін үйреніп жүрген студенттермен кездесті.
-
«КӨКТУ» - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕЛШІСІТүрік қоғамында өзінің орны бар бұл қазақ қауымдастығы халқымыздың мәдениеті мен өнерін насихаттап, ана тілімізді үйрету бағытында белсенді қызмет жасап келеді. Осы мақсатқа арналып өтетін түрлі халықаралық шараларға да ат ізін құрғатпай араласып отырады екен. Делегацияның арнайы кездесуі олардың жүрегінде намыс отын қоздатып, жаңа бастамаларына жігер берді.
-
АБАЙ ИНСТИТУТЫ ЮНУС ЭМРЕ ИНСТИТУТЫМЕН СЕРІКТЕСТІК ОРНАТТЫЮнус Эмре институты дүниежүзіне түрік тілі мен мәдениетін тарататын ірі орталық. Әлемнің 50-ден астам елінде филиалы бар. Институт тіл үйрету мәселесімен ғана шектелмей, кино, музыка, әдебиет саласында да ауқымды жобаларды жүзеге асырады. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Абай институты» да елімізде әрі шетелде қазақ тілін үйрету ісімен айналысады.