Popular
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ2021 жылғы 16 сәуір күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы» тақырыбы аясында онлайн режімде әдістемелік семинар өткізді.
-
ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗДАР ЖАРИЯЛЫМЫ БІЗДІҢ ЖУРНАЛДАҰстаздық - үздіксіз ізденіс пен терең білімді талап ететін мәртебелі мамандықтың бірі. Ұлағатты ұстаздың тәлімін алмай өмір атты көшке ілескен адам жоқ шығар, сірә. Тұлға санасына білім мен тәрбиені қатар тоғыстырған осы бір абзал маман иесі – мұғалімді қолдау, оның үздік іс-тәжірибесін тарату, насихаттау - Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұзақ жылдан бергі басты шараларының бірі.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ – АНА ТІЛІМ, САРҚЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ!Бүгін Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы және Ресей Федерациясы Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақ тілі – ана тілім, сарқылмайтын байлығым!» онлайн диалог алаңы өтті.
-
МАҚАЛА ЖАЗЫП, ҚАЛАМАҚЫ АЛ!Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы карантин кезінде қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақала жазып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге күш салуға шақырады. Себебі тіл жалпы ұлтқа ортақ қазына. Ал оның түйткілі мен күрмеуі тарқамаған кемшін тұсын түзету ортақ міндет.
-
РАМАЗАН ЕСІМДІ БАЛАЛАР КӨБЕЙСІН!Рамазан айында Рамазан есімді балалар көбейеді. ⠀ Мысалы, 2020 жылдың мамыр айында Рамазан есімі - 1128 балаға қойылған. Қызығы, соңғы жылдардың сандық көрсеткішіне сүйенетін болсақ, қыз балаларға МЕДИНА есімі көп қойылған. Одан кейін көш басында Айлин, Раяна және Айша есімдері бар.
-
«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСНАМАСЫ»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 16 сәуірінде «Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы» тақырыбы аясында онлайн режімде әдістемелік семинар ұйымдастырады.
-
ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі күштеп тоқтатуға қанша әрекет қылса да, ұлық мерекені жүрегімізден өшіріп тастай алмады. Тәуелсіздік алғаннан кейін қайта ресми мәртебе беріліп, тарихи әділеттілік қайта орнығып, қасиетті мерекемен қуана қауыштық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
-
САНАНЫ ӨЗГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІҚоғам санасы мен дүниетанымына маңызды бетбұрыс әкелген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаһандық жаңашылдыққа әкелетін жол екенін әйгіледі. Заманға сай жаңғыру міндетін алға қойған Тұңғыш Президент – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы төрт жыл ішінде ішкі ұмтылыс пен дамуымыздың басты қағидасына айналды. Соның бірі ауқымды және жоспарлы түрде қолға алынған маңызы зор тарихи оқиға – латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшуіміз.
-
ТЕРМИНОЛОГИЯ ТАРЛАНБОЗЫ«Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Телқожа ЖАНҰЗАҚ пен филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВТІҢ осы аттас мақаласы былай басталады: «Ана тілінің абызы атанған Ұлттық ғылым академиясының академиктері Әбдуәлі Қайдар, Шора Сарыбаев, Рабиға Сыздықовалардың қатарында бірге аты аталатын қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің бірі – академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Айтбаев көзі тірі болғанда 85 жасқа толар еді... Бар өмірін қазақ халқының ең киелі асыл мұрасы – қазақ тіліне арнаған ғалым туралы сөз етуді жөн көрдік».
-
«I HAVE A DREAM» – РЕСПУБЛИКАНСКИЙ КОНКУРС СОЧИНЕНИЙ ДЛЯ ДЕТЕЙ ДО 18 ЛЕТО чем мечтают юные казахстанцы? Кем они хотят стать в будущем? Какие вершины покорят? Какие книги напишут? Совершат ли они кругосветное путешествие или придумают новый вид транспорта? А может быть, они смогут решить все мировые проблемы или изобрести универсальное лекарство?
-
КУРСЫ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКАС 17 февраля 2021 года ученые Национального научно-практического центра «Тіл- Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова Сапина С. М., Кенжемуратова С. К. начали курсы казахского языка в антикоррупционном агентстве РК для сотрудников, желающих изучать казахский язык. Уровень слушателей курса определялся с помощью специально разработанных тестовых заданий. Всего на курсе обучается – 57 слушателей.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӨРКЕНИЕТ КӨШІНДЕБірнеше дыбысты бір әріппен ықшамдап, яғни үнемдеу заңдылығына негіздеп жазу – әлемнің барлық елдерінің тәжірибесінде бар үрдіс. Заманауи жаһандану (глобализация), әлемдік ықпалдасу (интеграция), жылдам ақпарат пен жаңа технологияларды меңгеру мен енгізу, ғарышты игеру жағдайында ешқандай ел бұл үрдістен тыс қалмасы анық. Басқа елдермен «терезесі тең», бәскеге қабілетті боламыз десек, қазақ ұлты да тілі де өз ерекшеліктерін сақтай отырып әлемдік өркениет көшінен қалмауға тырысуы керек.